Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Үсіп өлген?»: Абай облысында жоғалған адам 7 күннен соң даладан табылды (ВИДЕО)

09:13, 12 қараша 2026

Абай облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 44 жастағы ер адамның денесі бір аптадан кейін даладан өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Марқұм 4 қараша күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Хабар түскен бойда оны іздеуге полиция қызметкерлерінен бөлек, еріктілер мен жергілікті ауыл тұрғындары — жалпы саны 100-ден астам адам жұмылдырылды.

Іздестіру жұмыстары барысында бес күннен кейін марқұм тізгіндеген Lexus 570 маркалы автокөлік сайдан табылған болатын. Ал жетінші күні іздеу тобы ер адамның мәйітін Ново-Васильевка ауылынан шамамен 35 шақырым қашықтықтағы айдаладан анықтады.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған. Осыған байланысты алдын ала болжам бойынша, азамат далада үсіп қайтыс болуы мүмкін. Қазіргі уақытта өлімнің нақты себеп-салдарын анықтау үшін тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар