Белгілі әнші Төреғали Төреәлі қайынатасының туған күніне қатысып, оған деген ерекше құрметі мен ақ тілегін жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz.
Мерекелік жиын барысында әншінің жұбайы Толқынның әкесі де күйеу баласын айрықша қадірлейтінін көрсетіп, оған зор ілтипатпен сөз ұсынған:
«Қазақстанның халық әртісі, өзінің өнегелі өмірімен үлгі болған, ақылды нақыл сөздері бар, біздің жанұямыздың жұлдызына сөз береміз», — деді қайынатасы.
Өз кезегінде Төреғали Төреәлі екінші әкесін ерекше жақсы көретінін айтып, оған шынайы алғысын білдірді:
«Шешесін көріп қызын ал дейді ғой. Әкесін көріп те алуға болады екен», — деді өнер иесі.