Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мәйітін өз пәтерінен тапқан»: Сүйіктісін өлтіріп, ақшасын иемденіп алған адам 10 жылға сотталды (ФОТО)

11:59, 12 қараша 2026

Елордада сүйіктісін қасақана өлтіріп, оның саяхатқа жинаған қаражатын иемденіп кеткен Владислав Андрюшкин есімді азамат 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Қайғылы оқиғаның тарихы биылғы қаңтар айында басталған. Алина мен Владислав интернет желісі арқылы танысқанымен, көп ұзамай бойжеткен қарым-қатынасты үзуге шешім қабылдайды. Сол уақытта ол Таиландқа демалуға баруды жоспарлап, жолға қаржы жинап жүрген екен.

4 ақпан күні екеуі қайта жүздесіп, бірге уақыт өткізген соң қыз тұрып жатқан пәтерге барған. Дәл осы жерде жігіт бойжеткенді өлтіріп, артынша марқұмның банк шотындағы барлық ақшаны досының есепшотына аударып жіберген де, такси шақыртып оқиға орнынан кетіп қалған.

Келесі күні күдікті досынан есепшоттағы қаражатты қолма-қол шешіп беруді сұраған. Алайда Тараз қаласына қарай бой тасаламақ болған ер адам жол үстінде құқық қорғау органдарының қолына түсті. Ал Алинаның мәйітін жақындары өз пәтерінен тапқан.

Сот процесі кезінде айыпталушы өз әрекетін жеңілдетуге тырысып, кісі өлтіру айыбын абайсызда адам өліміне әкеп соғу бабына ауыстыруды сұрады. Дегенмен сот алқасы қылмыстың қасақана жасалғанын толық дәлелдеп, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қазіргі таңда сот үкімі заңды күшіне енді.

t.me/kozachkow

Бұл шешімге марқұмның жақындары наразылық білдіруде. Алинаның әпкесі Александра тағайындалған жазаның тым жеңіл екенін алға тартып, сот үкімімен келіспейтінін жеткізді. Оның айтуынша, қылмыскер белгілі бір уақыттан кейін бостандыққа шыққанымен, сіңлісі енді ешқашан қайтып оралмайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар