Продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан желідегі парақшасында жаңа үйінің жөндеу жұмыстарын көрсетіп, құрылыс барысымен бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.
Оның айтуынша, жөндеу жұмыстары үлкен ықыласпен әрі алдын ала жоспарланған дизайнға сай жүргізіліп жатыр.
Өнер иесі жөндеу барысын апта сайын бөлісіп отыруды жоспарлап отырғанын айтты.
«Иә, бұл менің кеңістігім
Жаңа үйімнің әр бөлшегіне назар аударып, үлкен ықыласпен жасалып жатқан жөндеу жұмыстарының бүгінгі күйін көрсеткім келіп тұр.
Бұл расымен жай ғана жөндеу емес, біраз жылдарға сапалы әрі жайлы жағдай, балаларым үшін ыстық ұя болса екен деген ниетпен жасалып жатқан еңбек.
Қолымда үйімнің әдемі интерьері тұр, осыны іске асырып беріп жатқан @shah_stroy_ жігіттерінің жүмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі көрініс осындай, апта сайын бөлісіп отырайын ба, айлап емес, жоспарды сапалы түрде апталап жасап тастайтын жігіттер екен.
Армандаған үйлеріңіз, сіз ойлағаннан да жайлы болсын, достар. Жанымнан табылған жақсы адамдарым, рақмет. Жаңа үйімдегі жайлылықты асыға күтудемін.
Уақыт қымбат заманда құрылыс материалдарын тасытпай, жиһаздарды да өздері орналастыратын қызметтері тамаша иә», – деп жазды ол.