Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Найманның қызымын. Ұлым "Әлем чемпионы" - Қабатовтың екінші жары өзіне қатысты барлық сұраққа жауап берді

"Найманның қызымын. Ұлым "Әлем чемпионы" - Қабатовтың екінші жары өзіне қатысты барлық сұраққа жауап берді

Әлеуметтік желіде Тұрсынбектің екінші рет бас құраған жұбайы Айман Талғатқызы туралы нақты деректер жарияланды, деп жазады Alash.KZ

Естеріңізде болса, бұған дейін Айманның туған жылы мен туған жері туралы әртүрлі ақпараттар тарап келген болатын. Тик-токтағы өзінің парақшасында Айман Талғатқызы осы алып-қашпа әңгімелердің бәріне нүкте қойыпты. 

"Айман ажырасқан әйел дегенге сенбеңіздер. Тұрсынбек - Айманның алғашқы және соңғы күйеуі. Айман Тұрсынбекпен 18 жасында танысқан. Айман 1993 жылы 22 сәуірде Қызылорда облысының Бесарық ауылында дүниеге келген. Руы найман. Үйдің ортаншысы: алдында әпкесі, артында інісі бар. Әке шешесі 1970 жылғылар" деп жазыпты желіге. 

  Ал Тұрсынбек екеуінің балалары туралы ақпаратта: 

"Үш баламыз бар: ДінМұхамед, ДінЗухра, СырымДат" деп жазылған. Мамандығы туралы сұраққа Айман парақшасында екі дипломы бар екенін айтқан. 

"Режиссер, педагог, хореограф деген екі дипломым бар. Театрда актриса балета болып жұмыс жасағам. Қазіргі таңда үлкен жобалар мен концерттер ұйымдастырамын" деп жазыпты. 

Айман Талғатқызы парақшасында балалары турады де ақпарат беріп, үлкен ұлы ДінМұхамедтің "Әлем чемпионы" екенін мақтанышпен жазып, суретін салыпты.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар