Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, халықтың сүйікті әншісі Мақпал Жүнісова желідегі парақшасында марқұм жұбайы, белгілі қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің бұрын еш жерде жарияланбаған бейнежазбасын бөлісіп, көпшілікті толқытты, деп хабарлайды Alash.kz.
"Топырағыңыз торқа болсын, қайтып келмес күндерді қарап, бір күліп, бір жылап, өтіп жатқан өмір", – деп жазды Мақпал Жүнісова желідегі парақшасында.
Бейнежазбада Мақпал Жүнісова мен Заманбек Нұрқаділов "Айша" атты тотықұсына арнап ән айтып отырған сәт бейнеленген. Бұл кадрлар көрермендерге өткен жылдардың сағынышын сездіріп, жүректерін елжіретті.
Оқырмандардың бірі тотықұс "Айшаның" қазіргі жағдайын сұрағанда, Мақпал Жүнісова былай деп жауап берген:
"Зәкеңнің туысқаны мен жоқта шомылдырып, тордың бір жағын жаппапты, негізі өзім ғана 10 жыл бойы душқа түсіріп, торын төрт жағынан екі сағатқа бүркеп тастайтынмын, кепкесін ашатынмын, ана қыз қымтамағасын, терезе ашық бопты, содан жел тиіп, өліп қалды", – деді әнші.