Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы жағдай ушығып, Дюранд сызығы бойында ауқымды әскери қақтығыс өршіп жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.
Тәліптер мен Пәкістан армиясы арасындағы қарулы шайқастар Кунар, Нангархар, Гильменд, Пактия және Пактика провинцияларында жүріп жатыр. “Талибан” қозғалысының күштері Пәкістанның бірнеше шекара бекеттеріне бір мезетте шабуыл жасаған.
Жергілікті басылымдар Гильменд провинциясының Бахрамча ауданында Пәкістан шекара бекеттерінің бірі құлағанын растады.
Айта кетейік, Дюранд сызығы — екі ел арасындағы 2 600 шақырымға созылған даулы шекара. Кабул оны ресми түрде мойындамайды, ал бұл аймақ соңғы жылдары жиі қарулы жанжалдардың ошағына айналып келеді.