Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескенін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.
Кездесудің басты тақырыбы Украина әуе қорғаныс жүйесін нығайту және соғысты тоқтату жолдары болды.
Зеленскийдің айтуынша, әңгіме өте жемісті өткен. Ол Трампқа Киевке көрсетіп отырған қолдауы үшін алғыс білдіріп, Украинаның қорғаныс әлеуетін арттыруға бағытталған жаңа идеялар талқыланғанын айтты.
“Егер Трамп Таяу Шығыстағы соғысты тоқтата алған болса, Украинадағы соғысты да аяқтай алады. Біз аз ғана уақыт бұрын өте нәтижелі сөйлестік. Қолдау көрсетуге дайын болғаны үшін ризамын. Әуе қорғанысын күшейту мен өзара келісімдер бойынша жақсы нұсқалар бар”, – деді Зеленский.