Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасының финалына шықты, деп хабарлайды Alash.kz
Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта мексикалық Хорхе Луис Ньеблас Гутьерреспен жұдырықтасты.
ҰОҚ мәліметінше, үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен басым түсті.
Осылайша Бибарыс Әшірбай Олимпиада ойындарының алтын медалі үшін бақ сынайды. Оның финалдағы қарсыласы кейінірек анықталады.