Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Декларация қабылданды: Мәскеуде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті

22:00, 11 қараша 2026

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды Alash.kz.

Мәскеуде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Ақорданың мәліметінше, саммитке Қазақстан Президентімен бірге Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыков қатысты.

Жиын қорытындысы бойынша Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы қабылданды.

Сонымен қатар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ортақ мүддесіне сай ұжымдық қауіпсіздікті одан әрі нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар