Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шерзат Полат ісінде куәгер болған екі әйелге қатысты тың дерек шықты

21:07, 12 қазан 2025 580

Шерзат Полаттың өліміне байланысты өткен сот отырысы барысында бірінші сатыдағы сот Д. Жақсыгелді, Э. Нұрбекова, А. Казакенов және Ю. Рузбакиевтің іс-әрекеттеріне назар аудару жөнінде жеке қаулы шығарған еді, деп хабарлайды Alash.kz.

Аталған қаулы кейін апелляциялық сотта да өзгеріссіз қалдырылып, үкім заңды күшіне енді.

Бұл шешімге байланысты Алматы облысының прокуратурасы ресми түсініктеме берді.

"Д.Жақсыгелді, Э.Нұрбекова, А.Казакенов және Ю.Рузбакиевтің әрекеттеріне қатысты сот шығарған жеке қаулы бойынша, облыс прокуратурасы оны ақпараттарды есепке алу кітабына тіркеп, процестік шешім қабылдау үшін құжаттар Алматы облысының полиция департаментіне жолданды", – делінген облыс прокурорының орынбасары Абылайхан Оңдасынның ресми жауабында.

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар