Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Дем ала алмай қалса да, тек жүрек тұсынан ұра берген” - Көкқайнардағы оқушы қазасы туралы марқұмның анасы бар шындықты айтты (ВИДЕО)

14:22, 12 қазан 2025 683

12-қыркүйек күні Жамбыл облысы, Шу ауданы, Көкқайнар ауылында орын алған оқушы қазасына қатысты тың деректер мәлім болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Журналист Руслан Өтепбайдың YouTube арнасындағы “Тәуелсіз бағдарламасында” қылмысқа қатысы бар деген күдікті жасөспірімдердің ата-анасы да, оқиға орнындағы куәгерлер мен жәбірленушілер де сұхбатқа тартылды. 
Хронология бойынша, қаза орын алатын күні сол ауылдың 11-сынып оқушылары кіші сыныптағы бозбалаларды жинап, сапқа тізіп, ұрған көрінеді. Ауыл мәдениет үйінің артында жиылып, бейберекет іс жасағаннан кейін, 9,10-сыныпты бөлек-бөлек дүкенге жұмсаған. Жиындағы соққылардан есеңгіреп қалған марқұм Мирас дүкенге ілініп-салынып әрең жеткен. Куәгерлердің айтуынша, алдыңғы жиынға қатыспай, үлкендердің сұрауын орындамағаны үшін Мирасты қатты төмпештеп, кеуде тұсынан ауыр соққан. Кейін, дүкен жанында осы әрекетті 11-сыныптың тағы басқа балалары келіп жалғастырған. 

“Дүкеннің артында үш бала ұстап алып, тек жүрек тұсынан ұра берген. Мирастың екі досы жанында болған. Мирас “дем ала алмай жатырмын” десе, “сен касить етпе” деген сөзі бар бір баланың. Соңғы ударды көкіректен ұра берген. Сол жерде тіл тартпай кеткен” - дейді қайғыдан қан жұтқан Мирастың анасы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар