Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақордада ауыс-түйіс: Тоқаев жаңа елшілерді тағайындады

14:13, 13 қазан 2025 149

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Словения, Босния және Герцеговина, Черногория және Тунис елдеріндегі елшілерін тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

  • Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;
  • Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Әнуарбек Серікұлы Ахметов Қазақстан Республикасының Тунис Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар