Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаралы хабар: Бүкіл елге танымал актриса 79 жасында өмірден өтті (ФОТО)

12:08, 12 қазан 2025 609

Атақты америкалық актриса, “Оскар” иегері Дайан Китон 79 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Дайан Китон - Голливудтың ең талантты, әрі дара тұлғаларының бірі.

Ол Фрэнсис Форд Копполаның культті туындысы “Крестный отец” трилогиясында басты кейіпкердің жұбайы Кей Адамстың рөлін сомдап, әлемдік танымалдылыққа ие болған. Сонымен қатар, Вуди Алленнің көптеген фильмінде ойнап, өзінің ерекше харизмасы мен табиғи актерлік шеберлігімен көрермен жүрегін жаулады.

Актрисаның ең жарқын жетістігі - Вуди Алленнің “Энни Холл” фильмі. Бұл туынды оған “Оскар”, BAFTA және “Алтын глобус” жүлделерінде “ең үздік әйел рөлі” аталымы бойынша бірден үш беделді марапат әкелді.

Ол Голливуд тарихында әйел образының еркін, интеллектуалды және заманауи келбетін қалыптастырған актрисалардың бірі саналады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар