“Ақтөбе” футбол клубының жас футболшысы Арон Мұса өмірден өтті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Бақұл бол, Арон!
Кеше, QJ league турнирінде ойнайтын “Ақтөбе U-16” командасының ойыншысы, 15-жастағы футболшы Арон Мұса өмірден озды. Аронның отбасында үлкен қайғы орын алды. Арон бауырымызбен бірге әжесі және немере ағасы да көз жұмды. Мұса әулетіне, туған туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.
Аро #15 - сен біздің жүрегіміздесің!”,- делінген клубтың ресми хабарламасында.
Алдын ала мәлімет бойынша, отбасы мүшелері газға уланып көз жұмған.
Актөбе облысының ТЖД мәліметінше, құтқарушылар Кутуев көшесіндегі үйге шақырту бойынша келіп, үш адамның мәйітін тапқан. Оқиға туралы хабар 12 қазанда түскен.
«Оқиға орнына келген құтқарушылар өрт белгілерін таппады, бірақ үш адамның мәйітін анықтады. Қазіргі уақытта полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда», – делінген департамент таратқан ресми хабарламада.