Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“5 адам зардап шеккен” - Көшенің қақ ортасында болған тікұшақ апаты туралы тың ақпарат шықты (ВИДЕО)

10:16, 12 қазан 2025 209

АҚШ-тағы Калифорния штатында тікұшақ тұрғындар мен көліктер жиі жүретін көшеге құлап, бес адам жарақат алды, деп хабарлайды Alash.kz.

Оқиға сенбі күні түстен кейін Оңтүстік Калифорниядағы Хантингтон-Бич қаласында болған. CBSNews дерегіне сүйенсек, тікұшақ бортында болған екі адам қирандылар астынан аман шыққан. Тағы үш жаяу жүргінші, соның ішінде бір бала түрлі жарақат алған. Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер олардың жағдайын анықтап жатыр.

Қайғылы жағдай теңіз жағалауында өтіп жатқан “Cars and Copters on the Coast” фестивалі кезінде орын алған. Куәгерлердің айтуынша, тікұшақ кенеттен басқарудан шығып, пальма ағаштарына және жаяу жүргіншілер көпірінің баспалдақтарына соғылған.

Болжам бойынша, апатқа себеп тікұшақтың құспен соқтығысуы болуы мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар