«Отбасы банктің» кейбір салымшылары мемлекеттік сыйақыдан қағылуы мүмкін, деп жазады Alash.KZ.
Бұл депозит ашқанына үш жыл толған, алайда бұл аралықта ипотекалық несие рәсімдемей, тек мемлекеттік сыйақы алып жүрген қазақстандықтарға ғана қатысты болады. Оларға бұл сыйақы түрін төлемеу жоспарланып отыр.
Ал азаматтардың қалған санатына мемлекеттік сыйақы әрі қарай да берілмек. «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова қазір осындай ұсыныс қаралып жатқанын айтты.
Оның сөзінше, бұл мемлекеттік сыйақылардың әділ бөлінуі үшін керек.