Атырауда жоғалған отбасының оқиғасына күдікті деп танылған күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиевтің анасы сұхбат берді, деп хабарлайды Alash.kz.
КТК арнасы тілшісі Жанат Молдашева жариялағандай, 29 жастағы жігітке анасы мінездеме беріп, баласының жантүршігерлік қылмысқа бармайтынын айтты.
Олай тәрбиелеген жоқпын. Балам тәртіпті. Ондай жолға барады деп ойламаймын. Құдай сақтасын! Мүмкін емес! Сенбеймін мен! Әкесі қатты, әкесінен қорқады. Ол мүмкін емес. Бірақ, Наурызбен жақсы сөйлеседі. Оны мойындаймын. Айтып отырады сөйлескендерін. «Аман екен. Ауылға кетіп бара жатыр екен. Келіп жатыр екен» деп Ақбаянға айтып жатады.
Атышулы оқиға ел аузына түскеннен кейін құдағи баласымен байланысқа шығып көргісі келген.
Соқтым. Полиция естіді. Не жағдай болып жатыр? Мені мазалап жатыр осылай. Дұрыстап жүрсің ба? Ешкімнің ала жібін аттама! Жақсы бол! Жаздым. Бірақ, оқымапты. Аудиомен жаздым.
Күдікті деп танылған азаматтың жұмыс жайы мен ел ішінде өзге ағымда жүргені туралы қауесетке жауап берді.
Кенжем. Енді отызға толады. Жуас бала ол. Ондайға бармайды. Армиядан кейін күзетші болып жасады. Қазір грузчик болып жасап келеді. Намазды бастапқыда оқыды дейтін. Көрген жоқпын. Үйге келіп оқымайтын. Келін оқитын, дұрыс айтасыздар!