Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Әйелін ұрып өлтірген» - Айзат Жұманованың күйеуі 14 жылға сотталды (ВИДЕО)

10:30, 09 қаңтар 2026

Жетісу облысындағы Баласаз ауылында орын алған қайғылы жағдайға қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Alash.kz. 

Талдықорған соты жұбайын өлімші етіп сабады деп айыпталған Айбар Жанболатты 14 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім кесті. Айта кетейік, мемлекеттік айыптаушы сотталушыны 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

32 жастағы Айзат Жұманованың қазасы туралы хабар осы жылдың маусым айында қоғамды дүр сілкіндірген еді. Тергеу амалдары Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі, яғни «Адам өлтіру» бабы бойынша жүргізілді.

Сот талқылауы кезінде Айбар Жанболат жұбайын тек «шапалақпен ғана ұрғанын» айтып, өзіне тағылған ауыр айыпты мойындамаған болатын. Алайда сот істің барлық мән-жайын ескере келе, оны кінәлі деп таныды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар