Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мәйітті 59 күн дегенде қазып алдық» - Күйеуі өлтірген Айзат Жұманованың әпкесі тың мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

11:23, 09 қаңтар 2026

Марқұм Айзат Жұманованың туған әпкесі Раушан Дәуренбекова шыққан сот үкіміне қатысты өз ойын бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz ULYSMEDIA порталына сілтеме жасап.

Раушан Дәуренбекованың айтуынша, басында іс 106-баппен қозғалған, бірақ туыстары бұған түбегейлі қарсы болған. Артынша мәйітті қазып алу процесі жүргізіліп, соның нәтижесінде айып тағылған бап өзгертілген.

- Кейін жүгіріп жүріп 99-1-ге алып келдік. Эксгумация нәтижесімен келдік. Мәйітті 59 күн дегенде қазып алдық. Эксгумацияны өз көзіммен көрдім. Ішінде, сыртында қаншама жарақат болды. Сондықтан бапты өзгерттік, - дейді Раушан Дәуренбекова.

Сонымен қатар ол қоғамда тараған «Айзат аяғы ауыр болған» деген ақпаратты теріске шығарды. Марқұмның құрбысына айтқан жақсы жаңалығы басқа мәселеге қатысты болуы мүмкін екенін жеткізді.

- Айзаттың құрбысы “Айзат маған келемін, жақсы хабарым бар” деп 17-сі айтқан. Айзат 21-і қайтыс болды. Біз жүкті болған шығар деп ойладық. Бірақ жүкті болмай шықты, - дейді ол.

Жәбірленуші тараптың өкілі алдағы уақытта адвокаттар апелляциялық шағым түсірумен айналысатынын хабарлады.

Айта кетейік, бүгін сот шешімімен Айзат Жұманованың қазасына кінәлі деп танылған күйеуі Айбар Жанболат 14 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар