Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Осы үйде болған…” - Жоғалған отбасының күйеу баласына қатысты ел естімеген дерек шықты

11:11, 09 қаңтар 2026

Атырау өңірінде орын алған шулы қылмыстың жай-жапсарын зерттеген журналист Жанат Молдашова өз парақшасында арнайы видеоматериал жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.

Журналист өзінің Instagram желісіндегі парақшасындағы Stories бөлімінде күдікті Сұлтан Сәрсемалиев пен жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның ұзақ уақыт бойы тұрған жалдамалы пәтерін көрсетті. Оның дерегінше, ерлі-зайыптылар бұл баспанада бір жылдан астам уақыт тұрып келген.

"Күдікті Сұлтан Сәрсемалиев пен әйелі Ақбаян Мұқанғалиева осы үйді жылдан астам жалдап тұрған. 5 қараша Жангелдин ауылынан Мейрамгүл Қарабалиеваны алып шыққан қыз-күйеу осында келген деген болжам бар", – деп жазды журналист.

Айта кетейік, 6 қаңтар күні Атырау облыстық полиция департаменті Жангелдин ауылындағы кісі өліміне қатысты күдікті ретінде 29 жастағы Сұлтан Сәрсемалиевке іздеу жариялады.

 

Жоғалған Наурыз Атырауда осы үйде болған. Ол күйеу баласы жұмыста болғанда қарындасын қарасып, көмектескен. Естеріңізде болса, Наурызды туыстары соңғы рет 2025 жылдың мамыр айында көрген.

Махамбет ауданында туған күйеу баладан бөлек, тергеушілер бұл қылмысқа қатысы болуы мүмкін басқа да адамдарды анықтау үстінде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар