Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жоғары лауазым»: Шымкенттің экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды

16:38, 09 қаңтар 2026

Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахимов мемлекеттік секторға қайта оралып, «Самұрық-Қазына Констракшн» АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымына ие болды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Қордың баспасөз қызметі оның 2025 жылдың 29 желтоқсанынан бастап жаңа қызметіне кіріскен. Айта кетейік, Ғ. Әбдірахимовтың бұған дейінгі қызмет жолы бірнеше рет даулы оқиғалармен есте қалған болатын. Мәселен, 2019 жылы ол Лондонда түсірілген видеосы мен Арыс қаласындағы төтенше жағдай кезіндегі сөздерінен кейін қызметінен қуылған еді. Ал 2023 жылы кәсіпкер Сайдулла Қожабаевтың арызы негізінде оның есімі аса ірі көлемдегі алаяқтық ісіне қатысты аталды. Бұл іс материалдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке тексеруге жіберілген.

Қазіргі таңда жаңадан тағайындалған орынбасар Түркістан облысындағы бу-газ электр станциясының құрылыс алаңын аралап, алғашқы жұмыс сапарларын бастап кетті. Дегенмен, әлеуметтік желіде оның жұмыс істеп жатқан видеолары тарап жатқанына қарамастан, «Самұрық-Қазына» қорының ресми сайтында бұл кадрлық өзгеріс туралы ақпарат әлі де жаңартылмаған. 2021 жылы Мәдениет және спорт министрінің орынбасары қызметінен кеткен шенеунік осылайша араға уақыт салып квазимемлекеттік секторға ауысты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар