Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бұл істі жалғыз өзі жасамады…» - Жоғалған отбасының жақындары ел естімеген дерек айтты

15:17, 09 қаңтар 2026

Атырау облысы, Қызылқоға ауданындағы Жангелді ауылында бір үйдің адамдарының жоғалып кетуіне қатысты жаңа мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды Alash.kz.

Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат берген Әсел Мұқанғалиева отбасының қазан айынан бері байланысқа шықпағанын және бұл іске тек күйеу баласының ғана емес, тағы тұлғалардың қатысы болуы мүмкін екенін айтты. Із-түзсіз кеткен ағасы мен жеңгесі үш баланы тәрбиелеп, мал шаруашылығымен және мемлекеттік жәрдемақы есебінен күн көрген. Олардың айналасына сыйлы, ешкіммен араздаспаған жандар болғаны айтылуда.

«Ағам мен жеңгем өте қарапайым, мейірімді жандар еді. Ешкіммен жауласпаған, ешкімге жамандық жасамаған. Тек зейнетақысына қарап, мал бағып күн көрді», – деп еске алады Әсел Мұқанғалиева.

Жоғалғандардың туыстары бұл оқиғаны кенже қызы мен күйеу баласы төркіндеп келген уақытпен байланыстырады. Әселдің пайымдауынша, күйеу баласының іс-әрекеті күдік тудырады.

«Ауыл тұрғындары күйеу баланың інім мен қарындасымды таксиге отырғызып, алып кеткенін көргенін айтты. Сондықтан біз оны күдікті деп санаймыз. Менің ойымша, ол бұл істі жалғыз өзі жасамады, басқа адамдар да қатысуы мүмкін», – деді ол.

Бұған дейін отбасы мүшелері мен күйеу бала арасында ешқандай түсініспеушілік немесе жанжал байқалмаған. Қазіргі уақытта құзырлы органдар осы дерек бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар