Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Құлыбаев ханзада Эндрюден 15 млн фунтқа сарай сатып алған: BBC зерттеуі нені ашты?

19:07, 08 қаңтар 2026

BBC Panorama бағдарламасының журналистік зерттеуі Қазақстандағы ең ықпалды кәсіпкерлердің бірі Тимур Құлыбаев пен Ұлыбритания корольдік әулетінің мүшесі, бұрынғы ханзада Эндрю Маунтбеттен-Виндзор арасындағы жылжымайтын мүлікке қатысты даулы келісімді қайтадан күн тәртібіне шығарды, деп жазады Alash.KZ.

Зерттеу деректеріне сәйкес, 2007 жылы Тимур Құлыбаев Ұлыбританияның Беркшир графтығында орналасқан Sunninghill Park атты зәулім сарайды ханзада Эндрюден 15 миллион фунт стерлингке сатып алған. Бұл баға сол кезеңдегі нарықтық құнынан шамамен 7 миллион фунтқа жоғары, ал сатушы ұсынған бастапқы бағадан 3 миллион фунтқа қымбат болған.

Коррупциялық күдік неден туындады?

BBC дерегінше, сарайды сатып алу үшін жұмсалған қаражаттың бір бөлігі Enviro Pacific Investments компаниясы ұсынған несие арқылы жабылған. Кейін Италия прокуратурасы аталған компанияның қаржысы парақорлық схемалары арқылы алынған болуы мүмкін деген тұжырым жасаған.

Италиялық тергеу материалдарында Enviro Pacific компаниясына қаражат Aventall атты құрылым арқылы түскені көрсетіледі. Бұл компанияны италиялық кәсіпкер Агостино Бьянки мен «делдал» ретінде танылған Массимо Гуидотти басқарған. Тергеу барысында Бьянки сотта Құлыбаев пен басқа да қазақстандық шенеуніктерге мұнай келісімшарттары үшін пара бергенін мойындаған.

Соған қарамастан, Тимур Құлыбаевқа қатысты Италияда ресми айып тағылған жоқ. BBC атап өткендей, бұл іс халықаралық деңгейде бірқатар сұрақ тудырғанымен, құқықтық тұрғыда Құлыбаев жауапқа тартылмаған.

Зерттеу авторларының айтуынша, Sunninghill Park сарайын нарықтағы бағадан әлдеқайда жоғары сомаға сатып алу фактісі мен қаржы көздерінің күмәнді болуы бұл мәмілені ең даулы корольдік жылжымайтын мүлік келісімдерінің біріне айналдырған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар