Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Актер Мұрат Бисембинді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі қайда, қашан өтеді?

21:01, 08 қаңтар 2026

"Рекетир" фильмінде басты рөлді сомдаған белгілі актер Мұрат Бисембинмен қоштасу рәсімі ертең, 9 қаңтар күні өтеді, деп жазады Alash.KZ.

Жаназа сағат 10:00-де Алматы қаласы Саяхаттағы Орталық мешітте оқылады.

Марқұм актердің қызы Instagram желісіндегі ресми  парақшасында әкесімен қоштасу рәсімінің ертең өтетінін жазды.

"Достар, әкеммен қоштасу рәсімі ертең өтеді. Мекен-жай: Пушкин көшесі, 16. Ал жаназа намазы Орталық мешітте сағат 10:00-де өтеді", – деп жазды актердің қызы.

Еске салайық, актер Мұрат Бисембин көпшілікке «Рэкетир» фильміндегі басты рөлі арқылы кеңінен танылған.

Ол бір жылдан астам уақыт онкологиялық дертпен күрескен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар