Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«45 млрд тг уәде етілген» - Әуезов театрының жөндеу жұмыстары уақытша тоқтап қалған (ВИДЕО)

12:37, 09 қаңтар 2026

Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры ғимаратын жаңғырту төңірегіндегі даулы мәселе туралы ақпарат шықты, деп хабарлайды Alash.kz.

Журналист Полина Шиманскаяның айтуынша, жөндеуге жауапты BI Group компаниясы бюджеттегі қаражаттың тапшылығына байланысты жұмысты тоқтатқан. Сөз 45 миллиард теңге көлеміндегі қаржы туралы болып отыр.

«Уәде етілген қаражат қазір бюджетте жоқ. Сондықтан жаңғыртумен айналысатын компания құрылысты консервациялауға мәжбүр болды. Соның салдарынан ұжым әртүрлі жағдайда жұмыс істеуге әр театрға бір көшіп, өз сахнасындағы қойылымдардан бас тартуға мәжбүр болып отыр», - деп хабарлады Шиманская.

Құрылыс өкілдері театрдың сыртқы қаптамасындағы бастапқы мәрмәрдің сақталатынын айтады. Нысанның тарихи келбетін бұзбау үшін жаңа тақталар бұрынғы Текелі карьерінен әкелінбек.

«Театрдың тарихи құндылығын білдіретін элементтер сақталады, жаңартылады және қалпына келтіріледі. Іштегі барельефтер қапталған, біз оларға тиіспейміз», - деп сендірді жоба жетекшісінің орынбасары.

Журналист жариялаған бейнежазбалардан құрылыс алаңындағы жұмыстың әлі де көп екені көрінеді. Ғимараттың ішкі бөлігі мен интерьерінің басым бөлігі бұзылып, тек негізгі тіреулер ғана қалған.

Театрды жөндеу 2024 жылы басталған болатын. Тапсырыс беруші ретінде театрдың өзі танылды. Министрлік жобаның нақты құны барлық жұмыстар аяқталған соң ғана жарияланатынын мәлімдеді.

Ал сәулетшілер мен белсенділер ғимараттың тағдырына алаңдап, дабыл қағуда. Мамандардың пікірінше, қасбеттегі мәрмәрдің ұрып түсірілуі нысанның тарихи құндылығын жоғалтқан. Тіпті, театрдың кейбір жәдігерлері, соның ішінде Торғын Тасыбекованың портреті қоқыс арасынан табылған.

1981 жылы салынған бұл нысан - 1982 жылы мемлекеттік сыйлыққа ие болған бірегей жоба. Жоспар бойынша, жөндеу жұмыстары 2026 жылы әкем-театрдың 100 жылдығына орай бітуі тиіс еді, бірақ қазіргі жағдайда бұл мерзімнің айтарлықтай кешігетіні байқалады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар