Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Түркияда тұтқындалды” - Алаяқтыққа күдікті Қызылордалық әйел туралы тың ақпарат шықты (ВИДЕО)

12:07, 09 қаңтар 2026

Түркия Республикасынан бірнеше мәрте алаяқтық жасады деп айыпталған Қазақстан азаматшасы экстрадицияланды, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл шараны Бас прокуратура мен Интерпол өкілдері Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен жүзеге асырды. 

Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті 2024 жылы Қызылордада тұрғындарды зергерлік бұйымдарды арзанға әкеліп беремін деп сендіріп, қаражаттарын жымқырған. Оның мұндай әрекеттерінен 8 адам зардап шегіп, жалпы шығын көлемі 130 миллион теңгеге жуықтады.

Қылмыс жасағаннан кейін ол шетелге қашып кеткендіктен, оған халықаралық іздеу жарияланған болатын. Нәтижесінде әйел Түркия аумағында қолға түсті.

Қазіргі таңда ол тергеу изоляторына қамауға алынды. Заңға сәйкес, күдіктінің кінәсі дәлелденсе, оның мүлкі тәркіленіп, он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар