Екібастұзда жеке сектордағы үйлердің бірі өртке оранып, қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды Alash.kz.
Тілсіз жауды ауыздықтау кезінде құтқарушылар 1984 жылы туған ер адамның жансыз денесін тапты.
Павлодар облыстық ТЖД мәліметінше, жалын үй ішіндегі заттар мен ағаш құрылымдарды тез шарпыған. Өрт сөндірушілер қауіпті аймақтан үш әйелді аман алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстады.
Тәртіп сақшылары бұл үйде тұратындардың оғаш өмір салтын ұстанғанын алға тартып отыр. Оқиға кешкі сағат 21:37-де толық бақылауға алынды. Қазіргі уақытта мамандар өрттің неден шыққанын зерттеу үстінде.