Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«1,3 млрд, көлік, үй, шетел» - Баласының ауруын пайдаланған ата-анаға сот үкімі шықты

13:50, 09 қаңтар 2026

Астанада науқас баласына көмек жинау желеуімен халықты алдап, заңсыз байыды деп айыпталған ерлі-зайыпты Тотақановтарға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Alash.kz. 

Шулы іске қатысты тергеу олардың 1,3 млрд теңге көлеміндегі қаражатты жымқырғанын анықтаған. Дәулет пен Толқын Тотақановтар аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны және қылмыстық жолмен келген мүлікті заңдастырғаны үшін кінәлі деп танылды. Судья үкімді оқыған сәтте олар сот залында бірден қамауға алынды.

Судья өз шешімінде былай деді:

«ҚР ҚК-нің 58-бабы 3-бөлігіне сәйкес, қылмыстар жиынтығы бойынша жазаларды ішінара қосу арқылы Толқын Тотақановаға түпкілікті 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сондай-ақ ол 10 жыл мерзімге қаражат жинаумен байланысты қайырымдылық қызметпен айналысу құқығынан айырылып, мүлкі тәркіленсін. ҚР ҚК-нің 74-бабы 1-бөлігіне сәйкес (жас баласының болуына байланысты), жазаның орындалуы үш жылға шегерілсін».

Дәулет Тотақановқа да 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Оған да қайырымдылықпен айналысуға 10 жылға дейін тыйым салынып, дүние-мүлкі тәркіленетін болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар