Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Маралдыда мал қырылып жатыр: халық алтын зауытын айыптайды

15:10, 23 қыркүйек 2025 71

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданы, Маралды ауылында тағы да дабыл қағылды. Белгісіз себептен ірі қара мал өле бастаған. Тек соңғы күндері жеті бас бұзау қырылып қалды. Тұрғындардың айтуынша, малдардың барлығы алтын зауыты маңында жайылған, деп хабарлайды Alash.kz.

Ескі дау – жаңа қайғы

Маралды ауылы алтын өндірісі төңірегіндегі даумен көптен белгілі. Жыл сайын тұрғындар кен өндіру ісіне байланысты наразылық білдіреді. Олардың сөзінше, компаниялар алтынды «жабайы», яғни карьерлік тәсілмен өндіреді. Бұл әдіс табиғатқа орны толмас зиян келтіріп қана қоймай, ауыл экологиясына да қауіп төндіруде.

Ауыл халқы бірнеше жыл қатарынан:

Алайда жергілікті тұрғындар билік өкілдері өндіріс орындарының мүддесін қорғап отыр деп есептейді. Осы уақытқа дейін ауыл адамдары ел Президентіне, Бас прокурорға және облыс әкіміне бірнеше рет шағымданғанымен, мәселе түбегейлі шешілген жоқ.

Қауіптің жаңа белгісі

Бұл жолы ауыл халқы жеті бас бұзаудың өліміне алтын зауыты маңында қолданылатын цианид себеп болуы мүмкін деп күдіктеніп отыр. «Мал жайылымға шыққан соң әлсіреп, аз уақытта қырылып қалды» дейді тұрғындар.

Әкімдіктің жауабы

Күршім ауданының әкімі Мейіржан Әлібековтің айтуынша, оқиғаға байланысты шұғыл комиссия құрылды. Оның құрамында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет пен ветеринария саласының мамандары бар.

«Малдардың өлімі бойынша сынама алынды. Қорытынды жеті күн ішінде белгілі болады. Сондай-ақ малдардың шынымен фабрика аумағында жайылған-жайылмағаны тексеріліп жатыр. 20 қыркүйек күні қосымша зерттеу жүргізілді. Егер басқа малдарда да осындай жағдай анықталса, ол жөнінде де хабарланады. Қорытынды шыққаннан кейін ресми ақпарат береміз», — деді аудан әкімі.

Оның сөзінше, бұл жағдай қазір облыс пен аудан әкімдігінің тікелей бақылауында.

Халықтың талабы

Ауыл тұрғындары тексеру нәтижесін асыға күтіп отыр. Олар «егер цианид себеп болса, зауыт жұмысына қатаң шара қолданылсын» деп талап етуде. Жергілікті жұрт биліктің ашық әрі әділ әрекетін күтеді.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар