Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Көгілдір отын көп. Бірақ тариф қымбат. Неге?

06:19, 08 қараша 2023 212
Қазақстанда осындай кереғар дүниелер көп. Мәселен, еліміз көңілдір отынға немесе сұйытылған газға бай болғанымен, тарифтер қымбат елдердің қатарында. Бұл туралы белгілі адвокат Гүлбақыт Бижанова газ саласындағы заңсыздықтар мен былықтардың бетін ашып айтып берді.

Салыстырып айтар болсақ, Қазақстан көгілдір отын қоры жағынан әлем бойынша 15-ші орындағы мемлекет. Дегенмен, мамандар Қазақстанды көгілдір отын қоры бойынша алғашқы 10-дыққа іліну мүмкіндігі бар екенін айтады. Оның да негізі бар. Себебі, әлі мұрты бұзылмай, қоры сақтаулы тұрған жер астындағы көгілдір отын кені көп екенін келтірді адвокат.

Ал QazaqGaz ҰК басқарма басшысы Санжар  Жаркешов KAZENERGY  форумында сөз сөйлеп, әлі күнге дейін мұрты бұзылмай тұрған 4 триллион кубметр сұйытылған газ бар екенін айтады. Сондай-ақ алдын ала болжам бойынша сұйтылған газ қоры 62 триллионға жетіп жығылады деген пікірде осы саланың мамандары.



Санжар  Жаркешов:

«Қазақстан сұйытылған газ қоры бойынша қазір 15-ші орында болса, алдағы уақытта үздік 10-дыққа ену мүмкіндігі бар. Ол үшін қазіргі уақытта ашылмаған күйі, ешкім тиіспей отырған  қорды нақтылап, зерттеу жүргізілуі керек. Бұдан бөлек болжалды кен орындары бар. Оларға мүлде зерттеу жасалмаған. Осы себептерді назарға ала отырып, Қазақстан сұйытылған газ бойынша державаға, жоқ дегенде аймақтық державаға айналуы әбден мүмкін деп ойлаймыз»,-деді KAZENERGY форумында сөйлеген сөзінде.

Алайда көгілдір отын немесе сұйытылған газ қоры көп болғанымен, қарапайым халыққа, жалпы қазақстандықтарға мұның пайдасы бар ма? Қоғамда осындай заңды сұрақ бар. Өйткені күн сайын газ бағасына қатысты тарифтердің біртіндеп өсуі байқалып отыр. Тіпті, Қазақстанның солтүстігі мен шығысы Ресейден тасмалданатын сұйытылған газды тұтынады. Бұл аймақтар көрші елден алмасқа шарасыз. Сол себепті де Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев алдағы уақытта газ бағасы өспесе, арзандамайтынын ашық айтуда.



Алмасадам Сәтқалиев:

«Павлодар, шығыс өңіріне сұйытылған газ тарту мәселесі бойынша  алдағы уақытта Ресейден кіретін газға сенім арта аламыз. Бағаны нақтылау бойынша келіссөздердің өзі қиындық тудыруы әбден мүмкін. Бұл жерде баға төмен болмайтынына түсіністікпен қарауымыз керек. Әлемде ондай үрдіс аяқталғалы біраз болды»,-деді.

Энергетика министрі Ресейден жеткізілетін сұйытылған газ құнын арзандату мүмкін еместігін барынша түсіндіруге тырысқан. Ал, Ресейден көгілдір отын алмайтын Қазақстанның өзге аймақтарында баға неге қымбат? Бұл қоғамдағы өте өзекті сауалдың бірі. Өйткені кен орындары ашылған, сұйытылған газ өндіріліп, өңделіп жатқан батыс аймақтардың өзінде тариф бағасы арзан емес. Неге?

Себебі, монополисттер бағаны қолдан көтеріп, жағдайқы қиындатып, бір біріне сақтау, жеткізу сынды қызметтер көрсетіп, бағаны өсіріп отырған болуы әбден мүмкін. Осы мәселе бойынша  адвокат  Гүлбахыт Бижанова өзі араласқан істің былығын ratel.kz басылымына берген ақпаратында ашық айтқан еді. Оның айтуынша, «ПМХЗ» АҚ (АО «ПНХЗ») бағаны қолдан шарықтатып, түрлі құйтырқы әрекеттермен бірнеше ЖШС ашып, бір-біріне әртүрлі қызметтер көрсетіп, бағаны қолдан шарықтатып отыр. Ең сорақысы сол, қылмыстық істі зерттеген тергеуші прокурормен бірігіп, істі жылы жауып қойған. Бұл күдікті жағдай бойынша  павлодарлық  газжүйелері ұйымы (ПГСО) Қаңтар қырғынына дейін  құқықтық органға арыз жазып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан мәселенің жіті, әрі әділ тексерілуіне көмектесуін сұраған еді.

Газжүйелері ұйымы аталмыш зауыттан 2015 жылға дейін тікелей сұйытылған газ алып отырған. Бірақ зауыт директоры  Шухрат Данбай оларға сұйытылған газ ұлы Абдулла Данбайдың  ЖШС-і арқылы, яғни қымбаттау бағада сататын жүйе енгізді.

Осылайша, тікелей зауыттан газ алып келген ұйым амалсыз «City Gas Service» ЖШС арқылы жұмысты жүргізетін болды. Ал бұл қызмет үшін олар қосымша әлгі серіктестікке 4500 теңге төледі.

Бірнеше жылдан кейін ақшаға құнықты ма серіктестік өз қызметін бірден 337 пайызға, яғни әр тоннасына бұрын 4500 теңге төлесе, жаңа бағамен 15 191 теңгеге қымбаттатты. Ортаға түскен компания мұның себебін тағы бір ойда жоқта пайда болған серіктестік қызметімен байланыстырады. Ол жалға беру мөлшерін бірден 19 642 857,14 теңгеге өсіріп жіберген.

Осындай орайда билікке тиесілі зауыт аумағынан жекеменшік екі компания қалай және қайдан пайда болды деген заңды сұрақ тумай ма?

Алғашқы компания зауыт аумағына өзінің тамырын 2013 жылы жайып үлгерген екен. «BIG Capital IST» Павлодар мұнай-химия зауытына қарасты 0,5675 га жерін сатып алған. Ол маңда зауыттың қосалқы блок ғимараты, сұйытылған көмірсутекті газдың үш калонкасы, салмақ өлшеу және тұрмыстық заттарға арналған бөлмесі орналасқан.

«BIG Capital IST» компаниясы бұған қарамастан сол тұсқа өзінің газ толтыру станциясын салып, оған келетін газ құбырын тікелей зауытқа жалғап алған. Сонымен қатар, мұнай-химия зауыты еш конкурс өткізбестен өзіне тиесілі сұйытылған газ сорғы ғимараттарын, мұнай-химия өндірісінің технологиялық процесіне қатысатын сорғылардың өзін және технологиялық құбыр мен түрлі сыйымдылық цистерналарын сол серіктестікке беріп жіберген.

2016-2017 жылдары аталмыш компания зауыт аумағынан тағы 3 учаскені сатып алады. Кейінірек "ПМХЗ" АҚ заңгері САЙФУТДИНОВ куә ретінде жауап алған кезде мәмілелер Шухрат Данбайдың тапсырмасы бойынша жасалғанын айтады.

Осылайша, бұрындары сұйық отынды алуға ниеттілер тікелей зауытқа келіп, өзінен алып жүрген болса, бертін келе аспаннан түскендей ауадан ақша жасайтын 2 компания пайда болады. Олар тек газ құбырының бұрандасын ашып және жауып бергені үшін ақша алып отырды. Әрекеті мұнымен шектелмеді. Зауыт аумағынан теміржол жолдарын, газ құю эстакадасын жетілдірді. Вагон-цистерналарды жалға алып теміржол тұйығын салып ондағы көгілдір отынды барынша монополияндыруға тырысты. Зауыттан шыққан газды әлгі тұйыққа дейін жеткізу тоннасына 28 мың теңгені құрады. Ал басқа компаниялар өз вагондарымен алып кетуге кірген болса, онда олардың теміржол тасымалы апталап тұралап қалатын.

Өткен жылы 21 шілде күні экономикалық тергеу департаменті «City Gas Service» ЖШС Павлодар филиалының директоры Александр КИЧЕРОВКЕ қатысты ірі мөлшерде кіріс алды деген күдікпен ҚР ҚК-нің 221-бабы (нарық субъектілерінің монополиялық жоғары немесе келісілген бағаларды белгілеуі және (немесе) ұстап тұруы, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінен сатып алынған тауарларды қайта сатуға шектеулер белгілеу, сондай-ақ егер олар ірі залал келтірсе, бәсекелестікті шектеуге бағытталған өзге де іс-әрекеттер) бойынша қылмыстық іс қозғады. Сонымен қатар, Кичеров  «BIG Capital IST» ЖШС-нің ресми өкілі және «Intertrans C. A.» Компаниясының «Достық» ЖШС-нің атқарушы директоры болды. Былтыр қыркүйек айында оның ноутбугынен сорғыш фирмаларға газды ауыстырып тиеу үшін ғана емес, оны экспортқа сату арқылы газдың өзі үшін де ақша алуға мүмкіндік беретін схема анықталды. Заң бойынша газды қайта өңдеуші, яғни зауыт немесе көмірсутек шикізатының иесі ғана сата алады. Ал мұнай-химия зауыты Ресейден келетін батыссібір мұнайын өңдейді. Демек оны сол мемлекет сатуға құқылы.

Алайда, бұл мұнайды жеткізушілер олар зауытқа кірген бойда келісім-шартқа қол қоюға «көндірген», оған сәйкес олардың аздаған бағаға газының едәуір бөлігі «Нефтехим LTD» ЖШС меншігі болып шықты. Мұндағы құрамдас бөліктер арқылы полипропилен өндірісі алынды, ал өңдеу нәтижесінде түзілген фракциялар «INTERTRANS C.A.» меншігіне өтті.

Фракциялар құбыр арқылы Павлодар мұнай-химия зауытына қайтарылған. Бірақ бұл үрдісті өңдеудің қажеті болмаса да қосындыны өңдеу деп атады, ал «INTERTRANS C.A.» шикізатты жеткізуші ретінде Павлодар мұнай-химия зауыты мен мемлекетке түсуі мүмкін миллиардтаған теңгенің газын экспортқа сатты.



2023 жылы 16 ақпанда Кичеровке қатысты қылмыстық іс оның рақымшылық жасау туралы өтінішінен кейін үнсіз тоқтатылған. Тіпті тыныш жасалған әрекетті халық та, зардап шеккен газ желісі ұйымдары да білмей қалады. Сағызша созылған істің мән жайын білмекке адвокат Гүлбақыт Бижанова кіріседі.

Сөйтіп, бір ай бойына іс материалдарымен танысу үшін экономикалық тергеу департаменті мен облыстық прокуратураның арасында жүгіреді. Бірақ нәтиже болмайды. Ақырында адвокат мән-жайды бас прокуратураға шағымданғаннан кейін бірақ анықтаған.

Адвокат Бижанова іс папкасын қолына алып, ішін қарағанда осы уақытқа дейін не себепті жағдайды қолдан қиындату болғанына көз жеткізген. Қылмыстық іс папкасынан адвокат  тергеушінің іс материалдарына ақша жасап, баға көтеру бойынша ішкі жоспар мен жүзеге асырылған істің сызбасын тіркемепті. Яғни ұйымдасқан қылмыстық топтың  жұмысы прокурорларға берілмеген болып шықты.

Сондықтан да көгілдір отын немесе сұйытылған газ қоры бойынша әлемде 15-ші орында тұрған Қазақстан алдағы уақытта газ үшін қымбат тарифпен төлемесе, арзан тарифке ілінуі мүмкін болмай тұрған сияқты.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар