Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сәпиев кінәлі ме, жоқ па? -Мемлекеттік қызмет істері агенттігі түсініктеме берді

12:46, 29 қаңтар 2026

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті бұқаралық ақпарат құралдарында Серік Сәпиевтің орынбасары Дәурен Есімхановпен болған жанжалда кінәлі деп танылғаны туралы тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Мемлекеттік орган өкілдері әлеуметтік желілерде тараған құжаттың қорытынды нұсқа емес екенін атап өтті.

Интернет желісінде тараған материал қызметтік құжаттың соңғы нұсқасы болып табылмайды және жұмыс барысындағы сипатқа ие. Құжат тек қызметтік мақсатта пайдаланылып, белгіленген тәртіпте танысу үшін ұсынылған. Оның интернетте жариялануы құжат айналымы аясынан тыс. Департамент спорт басқармасының басшысы мен оның орынбасарына қатысты екі қызметтік тексеру жүргізді. Осыған сәйкес, басшы орынбасарының жауапкершілігі мәселесі 2026 жылғы 30 қаңтарда Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қаралатын болады, - деп мәлімдеді ведомствода BAQ.KZ-ке.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар