Құндыз бен Назгүлдің, тағы да бірнеше мүмкіндігі шектеулі баланың заңды қамқоршысы Зүлфия Төленованың мен балаларының қазіргі жағдайы туралы Руслан Өтепбай өз парақшасында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Alash.kz.
Зүлфия Төленоваға қатысты Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы бойынша іс қозғалып, ол уақытша ұстау изоляторына жабылды.
«Зүлфияның қарауында болған өзге балалардың тағдыры не болды?» деген сұраққа жауап берейін: қазіргі таңда оның қамқорлығында бірде-бір бала жоқ. Барлығы мемлекеттік қарауға өтті.
Қинау, ұрып-соғу деректері бойынша қозғалған бұл іс соңына дейін әділ тергеледі деп сенемін. Ағайын, ұл-қыздарыңызға өте абай болыңыздар!