Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қамауға алынды»: Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысына қатысты тың дерек мәлім болды

17:51, 27 қаңтар 2026

Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы Зүлфия Төленова уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты екі бап бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Атап айтқанда, іс Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі (Азаптау) және 140-бабы 3-бөлігі (Екі немесе одан да көп баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша қозғалған. Егер Төленованың кінәсі дәлелденсе, ол 4 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Зардап шеккен балаларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, олар мамандандырылған балалар мекемесіне жіберілді. Ал бұған дейін 17 жыл бойы аға-жеңгесінен қорлық көріп, Төленованың қамқорлығына өткен Құндыз бен Назгүл қазіргі уақытта арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бақылауында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар