Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қызметтен кетті»: Екі сарбаздың өліміне қатысты Министрлік шұғыл мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

17:37, 28 қаңтар 2026

Жамбыл және Абай облыстарындағы әскери бөлімдерде санаулы күндердің ішінде екі сарбаздың қаза болуына байланысты Қорғаныс министрлігі шұғыл шараларды қолға алды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Ресми мәліметтерге сәйкес, жас жігіттер қарумен жұмыс істеу кезінде алған жарақаттарынан көз жұмған. Осы оқиғаларға байланысты ведомство кінәлі тұлғаларды қызметтен қуып, әскери бөлімдерде ауқымды тексерулердің басталғанын мәлімдеді.

Министр орынбасары орын алған барлық оқиғалар бойынша нақты кадрлық және тәртіптік шешімдердің қабылданғанын айтты. Оның мәлімдеуінше, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, штаб бастығы және қолбасшының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Ал әскери қызметші қаза тапқан әскери бөлімнің командирі, оның орынбасары, сондай-ақ батальон командирі атқарып отырған лауазымдарынан босатылды.

Асқар Мұстабеков қалыптасқан жағдайды реттеу мен қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған алты негізгі бағытты таныстырды:

• Тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы мен әскери тәртіпті бақылау күшейтілді. Қару-жарақты пайдалану, сабақтар өткізу, атыс жаттығулары мен тапсырмаларды орындау кезінде жарғылық талаптар мен қауіпсіздік шараларын сақтау талаптары қатаңдатылды.

• Әскери бөлімдерге Қарулы Күштердің жеке құрамын кешенді психологиялық тексеруден өткізу үшін комиссиялар жіберілді. Әскери қызметшілердің психикалық жай-күйіне, сондай-ақ қызметтік міндеттерді орындауға психологиялық дайындық деңгейіне қайта бағалау жүргізілуде.

• Командирлер мен сержанттық құрамның жеке жауапкершілігі арттырылды. Негізгі назар оқыс оқиғалардың алдын алуға және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.

• Әскери полиция күштерімен әскери бөлімдерде жан-жақты тексерулер ұйымдастырылды. Жеке құрамға бақылау, бейнебақылау, оның ішінде қызметтен тыс уақытта да, күшейтілді.

• Тәулік бойы бақылау енгізіліп, құқық бұзушылықтар мен оқиғалардың алдын алуға бағытталған қосымша профилактикалық шаралар қабылданды.

• Әскери қызметшілердің туыстарымен тұрақты бейнебайланысы қамтамасыз етілді. Сонымен қатар бөлімше командирлері ата-аналармен ресми байланыс арналары арқылы тұрақты түрде байланыста болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар