Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы жағдай: Жаңаөзенде 29 жастағы дәрігерді ауруханада пышақтап өлтіріп кетті

11:19, 29 қаңтар 2026

Жаңаөзен қаласында ауруханада 29 жастағы терапевт-дәрігер пышақ жарақатынан қаза тапты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 28 қаңтар күні шамамен 14:00-ге қарай болған. Белгісіз ер адам медицина қызметкеріне шабуыл жасап, бірнеше рет пышақ сұққан. Дәрігер алған жарақаттарынан көз жұмды.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Алдын ала болжам бойынша, оқиға  отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде туындаған. Күдікті полиция басқармасына өз еркімен келіп, кінәсін мойындаған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар