Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мынаның қолын байлап тастаңдар!» деді: Құндыз басынан өткен сұмдық туралы айтып берді (ВИДЕО)

21:28, 28 қаңтар 2026

17 жыл аға-жеңгесінен қорлық көріп келген Құндыз бен Назгүл қазіргі қамқоршысы Зүлфия Төленованың үйінде болған күндері жайлы айтып берді деп хабарлайды Alash.kz журналист Руслан Өтепбайдың YouTube арнасына сілтеме жасап. 
Қамқоршысының қолынан мемлекет қарауына өтті. Жағдайды білмекке Таразға арнайы барған Руслан Өтепбай мен қыздардың құрбы қызына Құндыз бар болған оқиғаны айтып берді.

Ұрысып, ұрады. Таңертең айғайлап оятады. Төсегімді тартып алады. «Тұр, тұр» деп, жұлқылап тұрғызады. Бірінші маған айғайлайды. Ұрады. Содан кейін бас айналдыратын дәрі беріп тастайды. Өліп қалған адам сияқты болып қаламын. Еш нәрсені сезбеймін.

Мені мама (Зүлфия Төленова) байлатты. «Дәрі бердіңіз» деп ұрдым. Мама «мынаның қолын байлап тастаңдар!» деді. Диастар арқамнан байлады. Аузымды да байлады. Мама қарап тұрды.

(мәтін өңделген)

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар