Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресми: Талғат Байсуфинов Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды

19:35, 28 қаңтар 2026

Талғат Маруанұлы Байсуфинов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы болып ресми түрде тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Қазақстан футбол федерациясы маманды аталған лауазымға бекітті. Байсуфинов өткен жылдың қазан айынан бері бапкердің міндетін уақытша атқарып келді. Оның бастамасымен құрама ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінде Лихтенштейнді ойсырата жеңіп (4:0), Солтүстік Македония және Бельгиямен өткен матчтарда тең түсті.

Бұл бапкердің ұлттық құрамаға үшінші рет оралуы. Бұған дейін ол команданы 2016–2017 және 2020–2022 жылдары басқарған болатын. ҚФФ маманның бай тәжірибесі іріктеу кезеңіндегі қазіргі жетістіктерді нығайтуға септігін тигізеді деп үміт артып отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар