Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Кәсіптегі бәсеке себеп болған»: Петропавлдағы үш адамның өліміне қатысты жаңа дерек мәлім болды

11:15, 28 қаңтар 2026

Петропавлдағы үш бірдей адамның өмірін қиған қылмысқа қатысты жаңа деректер мәлім болды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Бұл іс бойынша айыпталған кәсіпкер Ирина Скоробогатова жазасын өтеу мерзімі аяқталмай жатып бостандыққа шықты. Ол бұған дейін бәсекелестерін өлтіруге тапсырыс берді деп күдіктелгенімен, сот оны тек қылмысты жасырғаны үшін ғана кінәлі деп таныған болатын.

Скоробогатованың мерзімінен бұрын босап шығуына Қылмыстық кодекстің 74-бабындағы өзгерістер негіз болды. Заң бойынша, 14 жасқа толмаған баласы бар әйелдерге жазаны өтеуді кейінге қалдыру құқығы берілген. Оның үйінде кәмелетке толмаған «ерекше» баласы мен қарт анасы қалған еді.

Айта кетейік, 2023 жылдың соңында орын алған қайғылы оқиға кезінде Вадим Приходченконың отбасы, соның ішінде 17 жастағы ұлы Юрий де қаза тапқан болатын. Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, қылмысқа жерлеу қызметі нарығындағы өзара талас себеп болған.

Бұл істің басты орындаушыларына қатысты үкім өзгеріссіз қалды. Қылмысты тікелей жүзеге асырған Сергей Емельянов өмір бойына, ал оның сыбайласы Данил Орлов 23 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар