Алматыда Розыбакиев пен Сәтбаев көшелерінің қиылысында қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды Alash.kz.
27 қаңтар күні 16 жастағы жасөспірім ғимарат шатырынан секіріп, оқиға орнында қаза тапты. Куәгерлердің берген мәліметіне сәйкес, бозбала артына хат қалдырып кеткен. Құқық қорғау органдары бұл ақпаратты растап, қазіргі уақытта тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Бостандық аудандық Полиция басқармасы жанындағы бөлім аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.
Полиция департаменті оқиғаға қатысты мынадай ресми мәлімдеме жасады:
«Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық Полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Мотив пен мән-жайлар анықталуда».
Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, жасөспірімді мұндай қадамға не итермелегені зерттеліп жатыр.