Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Тағы бір бап бойынша қылмыстық іс қозғалды»: Нұрай Серікбайдың қазасына қатысты жаңа дерек шықты

21:40, 28 қаңтар 2026

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына қатысты тергеу барысы күрделене түсті, деп хабарлайды Alash.kz. 

Тәртіп сақшылары күдіктінің әрекетіне байланысты «сталкинг» фактісі бойынша жаңа қылмыстық іс қозғады. Осылайша, қазіргі уақытта ұсталған азаматқа Қылмыстық кодекстің бірден үш бабы бойынша айып тағылып отыр. Атап айтқанда, іс материалдарында «Адам өлтіру», «Алып қашу» және «Сталкинг» баптары көрсетілген.

Алайда жәбірленуші тарап бұл шешіммен келіспейді. Марқұмның отбасы мен адвокат Аянхан Омаров айыптау бабын бұдан да қатаң түрге ауыстыруды талап етуде. Адвокат өз ұстанымын былай деп мәлімдеді:

Әлеуметтік желілерде тараған Нұрайдың екі фотосуретіне сүйене отырып, күдіктінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы «Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру» бойынша саралануы тиіс деп санаймын. Біз тиісті өтінішхат жолдадық, қазір жауабын күтіп отырмыз.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар