Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«71 кадет ауруханаға жатқызылды»: Щучинскідегі әскери колледжде індет өршіп тұр

19:11, 28 қаңтар 2026

Щучинск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде қызылша індеті таралып, ондаған кадет ауруханаға түсті, деп хабарлайды Alash.kz.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, барлығы 71 оқушы медициналық мекемелерге жеткізілген. Қазіргі уақытта екі кадет Көпбейінді облыстық балалар ауруханасының қарқынды терапия палатасында жатса, өзгелері инфекциялық аурулар орталығында ем алуда.

Бүгінгі таңда 24 пациенттің қызылша жұқтырғаны ресми түрде расталды. Қалған оқушылардың сырқаты әзірге жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) ретінде емделуде. Жансақтау бөлімінде болған үш пациенттің беті бері қарап, жағдайлары орташа ауырлық дәрежесіне ауыстырылды, тіпті олардың бірі жалпы бөлімге көшірілді.

Қазіргі уақытта кадет корпусының аумағында арнайы стационар ұйымдастырылып, нысан қатаң карантинге жабылды. Дәрігерлер мен колледж әкімшілігі дерттің әрі қарай таралмауы үшін бақылауды күшейтіп отыр.
Iндеттің өршуіне байланысты оқу орнында шұғыл шаралар қабылданып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар