Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жантүршігерлік қылмыс: Туған бауырын асқан жауыздықпен өлтірген еркек өзіне қол жұмсады

09:59, 16 наурыз 2025 842

Психикалық ауытқуы бар ер адам туған бауырын пышақтап өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсады. Қорқынышты қылмыс Мәскеудің батысындағы пәтерлердің бірінде орын алды, деп хабарлайды Alash.kz.

SHOT мәліметінше, трагедия Вернадский даңғылындағы пәтерде болған.

Көршілері жан түршігерлік айқайды естіп, полиция шақырған.

Есікті ашқан кезде тәртіп сақшылары екі адамның мәйітін тапты.

Алдын ала мәлімет бойынша, психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған 37 жастағы Михаил А. 28 жастағы туған інісі Соломон Д.-ға бірнеше рет пышақ сұғып, артынша өзіне қол жұмсаған.

Болжам бойынша, қылмыс кезінде ол психоздық күйде болған.

Белгілі болғандай, ағайындылар анасымен бірге тұрған, оқиға кезінде анасы үйде болмаған. Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері, жедел жәрдем және Тергеу комитеті жұмыс істеуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар