Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Денесіне пышақ жарақатын салып, тоқпен қинаған: Қаза тапқан журналист түрмеде аяусыз азапталған

15:25, 04 наурыз 2025 2

Ресей тұтқынында қаза тапқан украин журналисі Виктория Рощина камераласына азапталғанын айтқан, деп хабарлайды Alash.kz Азаттық радиосына сілтеп.

Ресейде тұтқында отырғанда қаза тапқан украин журналисі Виктория Рощина өзін тоқпен азаптағанын айтып берген, ал онымен бір камерада отырған адам журналистің денесінде пышақтан түскен жарақат іздері барын көрген.

Бұл туралы "Слідство.Інфо" жобасы, "Шекарасыз тілшілер" халықаралық ұйымы мен украиналық "Суспiльне" және "Грати" басылымдары бірлесіп дайындаған "Виканың соңғы тапсырмасы" деп аталатын зерттеу фильмде баяндалған.

Фильмнің авторлары Таганрогтағы Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметіне қарасты тергеу абақтысында Рощинамен бір камерада отырған әйел адаммен (аты-жөнін атамауды сұраған) сөйлескен.

Ресей әскері басып алған Запорожье облысы аумағында 2023 жылдың тамыз айында тұтқынға түскен журналист Виктория Рощинаны этаппен тергеу абақтысына жеткізілген кезде оның денесінде жарақаттар болған. Онымен бір камерада отырған әйел адам журналистің қолында әлі бітпеген тыртықтар барын көрген.

Рощина өзін тоқпен әбден азаптағаннан "өне бойы түгелдей көгергенін" айтып берген. Журналист қатты жүдеп, төсектен әрең тұратын дейді онымен бір камерада қамауда болған адам.

Виктория Рощина Таганрогтан Мәскеуге этаппен кетіп бара жатқанда қазаға ұшырағаны 2024 жылғы 10 қазанда белгілі болды. Ресей қорғаныс министрлігі Рощинаның әкесіне Виктория 19 қыркүйекте қайтыс болды деп хабарлаған. Журналистің қазасының жай-жапсары белгісіз.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар