Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ескі купюралар жарамсыз болады»: 2027 жылы үш түрлі банкнот айналымнан шығарылады (ФОТО)

«Ескі купюралар жарамсыз болады»: 2027 жылы үш түрлі банкнот айналымнан шығарылады (ФОТО)

Қазақстанда 2027 жылы үш номиналдағы банкнот айналымнан шығарылатын болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Атап айтқанда, қолданыстан шығарылатын купюралар қатарында 2017 жылғы үлгідегі 500 теңге, 2014 жылғы үлгідегі 1 000 теңге және 2012 жылғы үлгідегі 10 000 теңге банкноттары бар. Әр номиналдың қабылдану мерзімі әртүрлі белгіленген: 1 000 теңгелік купюралар 27 наурызға дейін, 10 000 теңгеліктер 27 маусымға дейін, ал 500 теңгелік банкноттар 24 желтоқсанға дейін қабылданады.

Белгіленген мерзімдер аяқталғаннан кейін азаматтар бұл купюраларды екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» бөлімшелерінде үш жыл бойы айырбастай алады. Ал Ұлттық банктің филиалдарында ескі үлгідегі аталған банкноттарды қабылдау мерзімі шектелмейді және ол әрекет мерзімсіз жүргізіледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 1
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар