Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Өлімше етіп сабаған”: Алматыда 18 жастағы жасөспірімді 20 шақты жігіт аяусыз соққыға жыққан

15:44, 13 қазан 2025 276

Алматыда бір топ ер адамның жас жігітті аяусыз ұрып, соққыға жығып жатқан бейнежазбасы әлеуметтік желіде шықты. Бұл бейнежазбаны жариялаған зардап шеккен жігіттің анасы екен, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Aikyn.kz мәлімдеуінше, видеода бір топ ер адам жас жігітті өлімше етіп сабап, артынан жедел жәрдем бет-аузы көкала қойдай көкпеңбек болып ісіп кеткен күйде әкетіп бара жатқанын көрсетеді.

Анасының айтуынша, оқиға 11 қазаннан 12 қазанға қараған түні Төле би көшесіндегі "Шашлыкофф" дәмханасының алдында болған. Бір топ мас ер адам ұлын аяусыз соққыға жыққанын хабарлады.

– Ұлымды соққыға жыққан 35-40 жас шамасындағы 15-20 шақты ер адам. Ұлым есінен танып қалса да, олар соққысын тоқтатпаған. Тіпті, басынан тепкен. Қазір күдіктінің тек үшеуі ұсталған. Олардың қалғанын ұстауды талап етемін. Бәрі заң алдында жауап беруі керек, –деген пікір қалдырды ол бейнежазбаға. 

Алматы Полиция департаменті бұл жағдайға қатысты Қылмыстық кодекстің 107-бабы (“Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру”) бойынша іс қозғалып, тергеліп жатқанын жеткізді.

– Жедел шаралардың нәтижесінде оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, ұсталды. Әрбір қатысушының объективті мән-жайлары мен кінәсінің дәрежесін анықтау мақсатында бірқатар тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Алматы қалалық Полиция департаменті  басшылығының жіті бақылауында, – деп мәлімдеді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар