Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ермұрат Бәпи: “Ескі Қазақстан” өш алып, қайтып келіп өзінің билігін орнатқысы келеді (ВИДЕО)

16:05, 13 қазан 2025 1057

«Ескі Қазақстанда» көзге көрінбес астыртын тартыс әлі де бар. Бұл пікірді Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи «Qasqa Jol» арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Астаудан кетті ғой, сол астауына қайтып келгісі келеді. Кезіндегі аста-төк байлықтың астауына бас қойғылары келеді ғой. Ол «Ескі Қазақстан» ғана емес, жалпы әлемдік классикалық жүйеде солай болу керек. Билік кетеді, кеткен билік оппозиция болады, екі билік ортасында саяси тартыс болады. Ол өркениетті классикалық тұрғыдағы тартыс деп бағалау керек. Біздің жағдайымызда «Ескі Қазақстанда» өш алу, қайтып келіп өзінің әлдеқандай билігін орнату тұрғысында зығырданы бар сияқты көрінеді. Көзге көрінбес астыртын тартыс әлі де бар.

«Жаңа билік тұрғысынан «ескі режимге» деген ерегес бар деп айта алмаймын. Президент Тоқаевтың «Егемен Қазақстанға» берген сұхбатында айтқа бар ғой «уходя, уходи» деп айтқаны бар ғой, қазақшалап айтқанда «кеткен екенсің, жөніңмен кетсеңші» деген тұрғыдағы әңгіме ғой. «Жаңа Қазақстан» кеткен билікке тіс қайрап жүр деп айта алмаймын. Ал, керісінше «Ескі Қазақстанның» әрекеті Қаңтар оқиғасынан белгілі ғой. Қаңтар оқиғасының негізгі бенефициары «Ескі Қазақстан» екені дәлелденген. Нақты саяси бағасы берілген жоқ. Алдағы уақытта беріледі деп ойлаймын. Дегенмен Қайтар оқиғасын ұйымдастырған қоғам емес, халық емес. Оны тудырған ескі билік», - деді Ермұрат Бәпи.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар