Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қаланы да, халықты да дайындау керек”. Қырғызстанда ел астанасы басқа қалаға көшірілуі мүмкін

“Қаланы да, халықты да дайындау керек”.  Қырғызстанда ел астанасы басқа қалаға көшірілуі мүмкін

Қырғыстан астанасы Бішкектен Манас қаласына көшірілуі мүмкін. Бұл туралы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы және Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Камчыбек Ташиев мәлімдеді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

– Егер біз соған лайық болсақ, неге болмасын, Алла қаласа, болады. Ол үшін қаланы да, халықты да дайындау керек, психологиялық тұрғыда дайын болу қажет. Астана болу – оңай іс емес. Қалаға көп қаржы бөлінеді, оны жаңарту қажет. Өздеріңіз көріп отырсыздар, қазір құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Оны заманауи қала етуіміз керек, – деді Ташиев 11 қазанда Манас қаласындағы мектеп директорларымен кездесуде.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар