Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ешкім алып қашқан жоқ»: Меркіде қаза болған Мадинаның қайын жұрты мәлімдеме жасады

15:02, 27 тамыз 2026

Жамбыл облысында орын алған 19 жастағы келіншектің өліміне қатысты істе жаңа деректер пайда болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Меркі ауданында көз жұмған Мадинаның қазасына дейін құрбысына күйеуімен арада жанжал болғанын айтып, ажырасуды жоспарлағаны белгілі болды. Бұған дейін әлеуметтік желілерде отбасындағы «Барни» кексіне қатысты келіспеушілік өлімге себеп болды деген ақпарат тараған еді. Дегенмен марқұмның жақындары мәселенің әлдеқайда тереңде жатқанын алға тартуда. Олар жас келіншектің өліміне дейінгі кезеңге қатысты жауапсыз сұрақтардың көптігін айтып, тергеудің жан-жақты жүргізілуін талап етуде.

«Зират басында тұрмыз ғой. Мадияр негізі өте кеңпейіл, жақсы бала. Мадинаны ешкім алып қашқан жоқ. Екеуі бір-бірін сүйіп қосылған адамдар ғой. Көшеде екеуі құшақтасып жүрген қыз бен жігіт болатын», – деді күйеуі Мадиярдың жақыны.

Қазіргі таңда марқұмның туыстары оқиғаның барлық мән-жайы толық анықталып, Мадинаның соңғы айтқан сөздері мен отбасындағы қарым-қатынас мәліметтері тиісті деңгейде тексеріледі деп үміттеніп отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар