Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«ДНҚ арқылы тапқан»: 14 жыл бұрынғы сұмдық қылмыс әшкере болды (ВИДЕО)

11:26, 27 тамыз 2026

ДНҚ сараптамасының арқасында 14 жыл бұрын жасалған ауыр қылмыс ашылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Полиция қызметкерлері 2012 жылы бау-бақша қоғамдарының бірінде орын алған 62 жастағы әйелді зорлау және өлтіру дерегі бойынша күдіктіні қолға түсірді. Ол кезде істің ыстық ізбен ашылмауына байланысты қылмыскер ұзақ уақыт бойы бой тасалап келген.  

Арада 14 жыл өткенде заманауи ДНҚ-есеп жүйесінің көмегімен күдіктінің жеке басы толық анықталды. Ол 1964 жылы туған, бұрын сотты болған азамат болып шықты. Арнайы өткізілген ДНҚ-сараптамасы оның қылмысқа қатысын толық растады. Кінәсін толық мойындаған күдікті полиция тарапынан ұсталып, сот шешімімен қамауға алынды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар